Мазмұнға өту

Жаңалықтар

KAZBUILD 2025 Алматыда

Бүгінгі таңда Германия, Иран, БАӘ, Польша ұлттық топтарының қатысатыны мәлімделіп қойды, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай және Ресей өндірушілерінің ұжымдық экспозициялары ұсынылады.

KAZBUILD 2025 Алматыда

2025 ЖЫЛҒЫ 3-нен 5-ші Қыркүйекке ДЕЙІН АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ KAZBUILD 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ ӨТЕДІ, ОЛ ДӘСТҮР БОЙЫНША САЛАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ӨНДІРУШІЛЕРІН, ДИСТРИБЬЮТОРЛАРЫН ЖӘНЕ МАМАНДАРЫН БІРІКТІРЕДІ.

Бүгінгі таңда Германия, Иран, БАӘ, Польша ұлттық топтарының қатысатыны мәлімделіп қойды, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай және Ресей өндірушілерінің ұжымдық экспозициялары ұсынылады.

Көрмеге қатысатыны мәлімделген компаниялардың қатарында Алюминстрой, Анд Азия, Бастау Алматы, Bongioanni Macchine, Galaksi Group, Гипсовинил, Sultan Ceramic, Дёке Азия, Clea, Simons Werk, Kinlong және басқалары бар. Жыл сайын экспоненттер қатарына алғаш қатысатын компаниялар қосылады, биыл алғаш рет стендтерімен Ecoplit (Өзбекстан), Акустические материалы (Қазақстан), IEK Group (Ресей), Taiss SRL (Италия), Durable Stone (Өзбекстан), Felo (Германия), Eweca (Нидерланд), Brodreskift Tech (Норвегия), TD Zangar (Қазақстан) және FK Kunstsoffe (Қазақстан) шығады, олар құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдықтары, жарықтандыру және терезе жүйелері саласындағы озық шешімдерді ұсынып, көрменің халықаралық ауқымы мен инновациялық әлеуетін айқындайды.

Терезе-профиль технологияларының жетекші өндірушілерінің ауқымды экспозициясы өрістейтін жаңа павильонға ерекше назар аударылады, бұл KazBuild 2025-ті соңғы әзірлемелер мен технологияларды таныстырудың басты алаңына айналдырады. Ал көрме алаңының ұлғаюы бұдан да көп инновациялық өнім мен кешенді шешімді ұсынуға, қатысушылар географиясын кеңейтуге және іскерлік қарым-қатынасқа, әлеуетті серіктестермен кездесуге және өзара тиімді келісімшарттар жасасуға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның құрылыс секторы қарқынды дамып жатқан жағдайда KazBuild сияқты іс-шаралар кәсіби диалог пен нарық трансформациясының қажетті катализаторына айналуда. Көрме жаңа өнімдер мен озық технологияларды көрсетіп қана қоймай, серіктестік орнатуға, тәжірибе алмасуға, жеткізушілер мен мердігерлерді іздеуге ықпал етеді.

Ресми дереккөздердің, соның ішінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша құрылыс саласының үлесіне ел ЖІӨ-нің 6%-дан астамы тиесілі. 2024 жылы Қазақстанда 19,1 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді (2023 жылмен салыстырғанда 13,2% көп), ал құрылысқа салынған инвестиция көлемі 4 трлн теңгеден асты, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұл деректер заманауи құрылыс материалдары мен технологияларына сұраныстың жоғары екенін, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықты қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын іс-шаралардың маңыздылығын көрсетеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратына сәйкес, орта мерзімді перспективада Қазақстан жыл сайын кемінде 18–20 млн м² тұрғын үй пайдалануға беруді, инфрақұрылымды жаңғыртуды және өнеркәсіптік нысандар мен әлеуметтік инфрақұрылым салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Негізгі драйверлер тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары («Нұрлы Жер»), құрылыс саласын индустрияландыру, сондай-ақ «жасыл» және энергия тиімді технологияларды енгізу болмақ.

Дәл осы үрдістер KazBuild 2025 тұжырымдамасында тікелей көрініс табады. Жетекші өндірушілер мен инновациялық компаниялардың қатысуы нарықтың өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап беретін және елдің тұрақты даму бағытын қолдайтын ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

KazBuild 2025-ке қатысу жедел өсіп келе жатқан нарықта позицияларды нығайтуға, жаңа серіктестер іздеуге және өз шешімдерін кең кәсіби аудиторияға көрсетуге бірегей мүмкіндіктер ашады.

Осы күндері қатарлас жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауа баптау, желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың 17-ші Aquatherm Almaty 2025 халықаралық көрмесі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялар ресми қолдау көрсетеді.

Іс-шаралардың ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

KazBuild 2025 туралы толығырақ ақпарат, соның ішінде іс-шаралар бағдарламасы, қатысушылар тізімі және тіркелу туралы ақпарат алу үшін.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Нөміріңізді қалдырыңыз — қайта қоңырау шалып, міндетті нақтылаймыз және есеп дайындаймыз

+7 701 201 22 88

Дс–жм 9:00–18:00, сб 9:00–14:00

Қоңырау шалып, таңдауға көмектесеміз

Атыңыз бен байланысыңызды қалдырыңыз — қалғаны қалауыңызша

Сізбен қалай байланысамыз?
Толығырақ жазу